GPON толқыны: Beeline ұсынған жаңа технология үйдегі интернеттің жылдамдығын 5 есе арттырады
Beeline өзінің қолданушылары үшін интернет қызметтерінің жаңа толқынын ұсынады. GPON технологиясы - ол пайдаланушыларға жоғары жылдамдықты және сенімді ғаламтор қосылымын қамтамасыз етеді. Бұл бастаманың абоненттер үшін тағы бір артықшылығы - GPON деректерді беруді 5 есе жылдам қылады. Жақында Қазақстанды түгел қамтитын жылдам интернет жайлы толығырақ компания өкілдері айтып берді.
Бір уақыттың ішінде көптеген қолданушылардың жоғары қарқынды ғаламторға қол жеткізуі GPON технологиясының тағы бір артықшылықтарының бірі саналады. Ол әсіресе көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін таптырмас құрал, өйткені көп тұрғындар еш кедергісіз жылдам интернеттің пайдасын көре алады. Егер бұрын үйдегі интернет жылдамдығы 100 Мбит/с жетсе, аталған технологияны енгізу арқылы бұл көрсеткіш бірден 500 Мб/с жетеді.
GPON технологиясы әсіресе онлайн ойындар және үлкен файлдарды тасымалдау секілді өткізу қабілеті жоғары қолданбалар үшін өте қолайлы.
Жарық сөніп қалса да үйдегі интернет өшпейді
Көптеген абоненттер қолданатын FTTB (Fiber to building) технологиясы пәтерлерге интернет мыс кабельдері арқылы келеді. Оның өткізу қабілеті төмен болғандықтан талшықтың толық мүмкіндігі пайдаланылмайды. GPON немесе Gigabit-capable Passive Optical Networks технологиясы арқылы талшық пәтерге тікелей тартылатындықтан бұл жылдамдықты арттыруға мүмкіндік береді. Жоғары рұқсат етілген бейнелерді 2-3 адам қатар көрсе де бұл интернеттің жылдамдығына әсер етпейді.
GPON технологиясы сонымен қатар қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе құпия деректермен айналысатын және ақпаратты кибершабуылдардан қорғауды қажет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар үшін өте маңызды.
Сонымен қатар GPON электр қуаты сөнген уақытта да жұмыс істей береді және оған көрші пәтерлердің маршрутизаторлары немесе радиотолқындары әсер етпейді. Тағы бір атап өтерлігі, аталған технологияны орналастырар кезде оның қосымша құрамдастары өте аз болады, яғни оның сынып қалуы яки жұмыс істемей қалуы әсте мүмкін емес.
GPON технологиясы ауқымды әріп икемді етіп жасалған, бұл тұтынушыларға қажеттіліктері өзгерген кезде интернет жылдамдығын оңай жаңартуға мүмкіндік береді. Демек пайдаланушылар негізгі интернет пакетінен бастап, жылдам интернетке оңай көше алады.
Жаңа үйлердің барлығы жылдам интернетпен қамтылады
Компания өкілдерінің түсіндіруінше, GPON технологиясын енгізгеннен кейін бірнеше жаңа тарифтер қосылады. Бұрынғы технологияны пайдаланушылардың тариф бағасы сол күйі қала береді. Ал жоғары жылдамдықтағы тарифтің бағасы қымбатырақ болады.
Beeline Қазақстан компаниясының сату және тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахымовтың айтуынша, өткен жылы компания FTTB технологиясын тоқтату туралы шешім қабылдаған. Ал Beeline оптикасы жоспарланған барлық жаңа үйлер GPON стандартындағы интернетпен қамтылады.
"Біздің мақсатымыз айқын: биылғы жылы GPON желісін 100 мың пәтерге жеткізгіміз келеді. FTTB технологиясы арқылы қосылған абоненттер үшін де жылдамдықты 500 Мбит/с дейін біртіндеп жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл роутерлер мен маршрутизаторларды жаңарту арқылы қолжетімді болады. Өткен жылдың өзінде 30 000 үйдің интернет жылдамдығын 500 Мбит/с жеткіздік. Биыл бұл көрсеткішті 60 мыңға дейін арттырмақпыз", - дейді Рауан Қабдрахымов.
Компания жақын арада бүкіл Қазақстанды жылдам интернетпен қамтамасыз еткісі келеді.
Соңғы екі айда Beeline Қазақстан компаниясы 9 мыңнан астам пәтерді жылдамдығы жоғары интернетке қосты.
Атап айтар болсақ, Астана қаласында: Рио-де-Жанейро, Отау, Аксиома, Gloria және Тұрсын-Астана 1-2 көпқабатты үйлері.
Ал Алматыда: Central Park Residence, Жетісу 3, 4YOU және Әмір көпқабатты үйлері жылдам интернетке қосылған.
Сондай-ақ Шымкент, Талдықорған, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау қалаларындағы бірқатар үйлерге жаңа технология тартылған. Ақпан және наурыз айларында GPON технологиясы тағы 19 мың пәтерде пайда болмақ. Бұл тізімге Ақтау, Орал, Қостанай, Көкшетау, Өскемен және Қарағанды секілді қалалар қосылады.
Жалпы Beeline Қазақстан компаниясының GPON технологиясы пайдаланушыларға жылдам, сенімді және қауіпсіз интернетті ұсынады және бұл оны жеке тұлғалар үшін де, корпоративтік клиенттер үшін де танымал ететіні айқын.
Технологияның сіздің үйіңізде бар-жоғын және қызметке қосылу жайлы толық мәліметті 3131 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы сондай-ақ компанияның веб-сайтынан біле аласыздар.

"Әйелдерді ылғи ұрысқақ, долы, толық етіп көрсетеді": Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылады
