Головкиннің суперчемпионмен жекпе-жектен кейін қанша ақша алатыны белгілі болды
Геннадий Головкин мен жапониялық суперчемпион Рийота Муратаның алдағы жекпе-жектен кейін қанша ақша алатыны белгілі болды. Боксшылар өз чемпиондық белбеулерін біріктіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Геннадий Головкинге жекпе-жектен кейін берілетін кепілдендірілген қаржы мөлшері 12,3 миллион теңгеге тең. Ал қарсыласы Мурата 4,1 миллион доллар алады.
Жекпе-жек 9 сәуірде Жапониядағы Сайтамада өтеді. Отандасымыз қазір Жапонияда.
Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы шындықты жайып салған еді. Сөзінше, ол екі жекпе-жекте де Сауль "Канело" Альваресті айқын басымдықпен жеңген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар