Головкиннің екі титул үшін түскен жекпе-жегі 2019 жылдың ең үздігі атағын алды
Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиндық Сергей Деревянченко арасында болған титулдық жекпе-жегі 2019 жылдың ең үздігі болып танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Boxingscene.com сарапшылары Нью-Йорктің Madison Square Garden алаңында 5 қазан күні шайқасқан қос боксшылардың арасындағы жекпе-жекті жоғары бағалады. Головкин мен Деревянченко IBF және IBO бойынша екі титул үшін күреске түскен еді.
"Головкин өзінің қарсыласын бір сәтте сұлатып саламын деп ойлады. Алайда оның бұл жоспары іске аспай қалды. Қос боксшы да өздерінің тәжірибесіндегі ең ұзақ жекпе-жекке шықты. Екпінді Деревянченко мен батыл Головкин 11-ден астам раунд бойы шайқасты. Бір-бірін аямаған спортшылардың төбелесінде ақыры Головкин жеңіске жетті. Екеуі де болат төзімділік пен шеберлікті көрсете алды", - депті сарапшылар.
Естеріңізге салайық, екі боксшының арасындағы жекпе-жекте Головкин нокдаунмен қарсыласын жеңген еді. Осылайша GGG екі чемпиондық белбеу иеленді.