Головкин Деревянченконы жеңіп, екі чемпиондық белбеу иеленді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» стадионында Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ГоловкинСурет: instagram.com/gggboxing/

Геннадий Головкин IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі үшін украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен айқасты. Жекпе-жек бастала сала бірінші раундта GGG қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ украиналық спортшы да бірде-бір соққыны жауапсыз қалдырмады. Екінші раундта Деревянченконың алған соққыдан қабағы жарылып, қанталап кетті. Екі мықты боксшының жекпе-жегі он екі раундқа созылды. Төрешілердің шешімі бойынша ұпайлардың есебімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Жекпе-жек соңында берген сұхбатында GGG украиналық боксшыны құрметтейтінін, оны мықты спортшы санайтынын айтты.

Бұған дейін Деревянченконың осы айқас үшін 5 миллион доллардан аса ақша алатыны айтылды. Головкиннің гонорары 100 миллион доллардан асады. Алдыңғы жекпе-жегін Головкин Нью-Йорк алаңында да өткізіп, канадалық Стив Роллсты жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 6 маусымында Головкин орта салмақтағы чемпиондық белбеулерінің бірінен айырылған еді.  Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен 3 тамыз күніне жекпе-жек өткізу үшін қағаз жүзінде келісім бермеді. Сондықтан Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшыдан өз белбеуін алып қою туралы шешім шығарды. 

Былтыр қазан айында Деревянченко IBF титулын жеңіп алуға тырысқан болатын, бірақ америкалық Дэниэл Джейкобстен жеңіліп қалды. Мамыр айында белдік тағы да иесін өзгертті - Джейкобс Альварестен ұтылды. Бүгінгі күнгі жекпе-жекте орта салмақтағы әлем чемпионының белмеуі қазақстандық иесіне қайтып оралды.

Сергей Деревянченко 2012-2014 жылдары Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) қазақстандық «Астана Арланс» клубының атынан додаға түсіп, артынша кәсіби карьерасын бастаған еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сұлулық салонында аса қауіпті ауру жұқтырған бойжеткен жұртты сақтандырды

Педикюр жасатқан бойжеткеннің аяғына ірі жара қаптап кеткен

Қазақстанда шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Шетелдік көлік жүргізушілері туралы ақпарат сақтандыру полисінің деректері негізінде анықталады

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

"Иісі жаман екен": Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді
Çàãðóçêà...