Головкин танымал промоутерлік компанияны сотқа берді
Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясын сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Golden Boy және Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы бокс кешін бірге өткізді. Fight Freaks Unite хабарлауынша, қазақстандық боксшы Golden Boy-ды келісім-шартты бұзды деп айыптап, кем дегенде 3 миллион доллар қарыз талап етіп отыр.
- "Бұл шешуші кездесу болады": Канело Головкинмен үшінші жекпе-жегі жайлы айтты
- "Шымкентке бокс мектебін ашып, талантты жігіттерімізді әлемге танытқым келеді": Қазақ бапкері Дубайда әлем чемпионын жаттықтырып жүр
Сот ісі Калифорния Жоғарғы сотына Лос-Анджелес округінің орталық бөлігінде берілді.
Айта кетейік, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясын негізін алты салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Оскар Де Ла Хойя қалаған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі