AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин–Альварес жекпе-жегінің төрешілері анықталды

АҚШ-тың Невада штатындағы Атлеттер комиссиясы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында өтетін жекпе-жекке реферилерді тағайындады.

33863f89c15369498cddf788d5b46a8a

Шаршы алаңда жүріп төрелік ететін америкалық тәжірибелі рефери Кенни Бейлис болды. Жекпе-жекте америкалық төрешілер бригасы қызмет атқарады: Эделейд Берд, Дэйв Моретти (екеуі де Невада штатынан) және Дон Трелла (Коннектикут), деп жазады vesti.kz.

Кейбір фанаттар: «Жекпе-жекті төрешілер шешетін болса, Лас-Вегаста Головкинге жеңісті бермеуі мүмкін», – дейді. Олардың қауіпіне себеп бар. 2014 жылы Лас-Вегаста Альварес Эрисланди Ларамен өткізген жекпе-жегінде тең түскен еді. Алайда төрешілер жеңісті мексикалыққа беріп жіберді.

2013 жылы Мейвезермен өткен кездесуде бір төреші тең ұпай берген, бірақ Мейвезердің басымдылығы айқын болған еді. Айта кетейік, Головкин – «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.

Тағы да оқыңыз:

Лос-Анджелес полицейлері Головкиннен бірге суретке түсуді өтінді

Жанқош Тұраровтың қарсыласы рингке қазақтың шапанын киіп шықты

Мамандар: Қанат Ислам Кукке қарсы өзінің карьерасындағы ең үздік жекпе-жегін өткізді

Геннадий Головкин қызды болды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр