Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанқош Тұраровтың қарсыласы рингке қазақтың шапанын киіп шықты

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйды айқын басымдықпен жеңді. Жекпе-жектің басында отандасымыздың қарсыласы оюлы шапан киіп шығып жұртты таңқалдырды.

20170909222104

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жанқош Тұраров бірінші раундтан бастап ашық бокстасып, өзінің жойқын соққыларын діттеген жеріне жеткізе білді. Аргентиналық боксшы ауыр соққылардан кейін бір-екі рет есеңгіреп қалды. Екінші раундта да Жанқоштың шеберлігі басым болып, қарсыласын әбден сабады. Бруно Ромэй қорғаныстан шықпай, арасында джебпен жауап беріп отырды.

“Мен алтыншы раунд басталғанда оң қолымды сындырып алдым. Қазір қолымның сынып қалғанын сезіп тұрмын. Содан тек сол қолмен ғана ұруға тура келді. Енді, бұл да – тағдыр. Қайырлы жеңіс болды. Мен үшін он раундтық жекпе-жек – үлкен сабақ. Спорт мансабымда ондай әлі болмаған”, – дейді Жанқош Тұраров.


Жіберіп алмаңыз:

Мамандар: Қанат Ислам Кукке қарсы өзінің карьерасындағы ең үздік жекпе-жегін өткізді

Геннадий Головкин қызды болды

Арман Оспанов жолын жауып, аяғынан шалған қандастарына өкпесі қара қазандай екенін айтты

Қазақ балуаны “Әлем барысы” атанды

Талқылау