Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғимараттың ішінде көлікті жарып жіберген: Алматыдағы өртеніп кеткен президент резиденциясының іші көрсетілді

Алматыдағы президент резиденциясында қаңтар оқиғасы кезіндегі шабуылдар мен жарылыстың салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Қалпына келтіру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы керек, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ғимараттың бірінші қабатында көлік жарылып, өртеніп кеткенін мәлімдеді. 

Шыққан өрт нәтижесінде екінші қабаттағы бағандар зақымданған. Өрт Алматыдағы тарихи ғимараттың екінші қабатының жүк көтергіш құрылымдарын зақымдады. Сарапшылар ғимаратты мұқият зерттеп, қалпына келтіру мүмкіндігін бағалаған болатын.

"Бірінші қабатта бүлікшілер мінген көлік өртеніп, жарылған. Өрттен жоғарғы қабаттардың темір конструкциялары балқыған. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қирады. Ең қауіптісі тіректердің қирағаны болатын. Тіректер қатты қирағандықиае, ғимаратты қалпына келтіру мүмкін болмайды делінген еді”, – деді баспасөз қызметінде.

Қазақстан әртараптандырылған қайта құру және даму институты нысанға техникалық зерттеу жүргізді. Институт мамандары жүк көтергіш құрылымдарды ауыстыру қауіпсіздік пен сейсмикалық тұрақтылықты бұзбай мүмкін болатынын анықтады.

Қазір резиденцияда жарылыс салдарын жою жұмыстары аяқталуда.

"Қазір техникалық сараптама жүргізілуде. Қалпына келтіру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы керек", – деді баспасөз қызметі.

Ведомствода мемлекет басшысының қалада болуы кезінде оның қатысуымен өтетін іс-шараларды қамтамасыз ететін Алматыдағы жалғыз ғимарат бар екенін атап өтті. Сондықтан президент әкімшілігі ғимараттың қолданыстағы функционалдық мақсатын өзгертуді қарастырып жатқан жоқ.

Талқылау