"Ғимараттарды бұзу туралы шағым түсірілді": Алматының тау бөктерінен 52 заңсыз нысан табылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматының тау бөктерінде 52 заңсыз нысанды анықтады. Оларға қатысты әкімшілік шара қолданылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

“Заңсыз тұрғызылған үйлер бойынша біз уәкілетті органдарға тиісті осы талдаудың нәтижесінде ұсыныстар енгіздік. Сол ұсыныстардың орындалуын біз бақылауға аламыз. Енді жергілікті атқарушы орган әкімдік бұл мәселелерді шешу жөніндегі іс шаралар жоспарын әзірлейді”, – деді ҚР СЖҚІҚА Аса маңызды істер жөніндегі офицері Марат Сейітжапар.
Былтыр маусымда экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында құрылыс объектілерінің қабаттылығын шектеуге және 15 градустан асатын тік беткейлердегі құрылысқа тыйым салынды. 2011-2014 жылдары қала аумағы 31,9 мың гектардан 68,3 мың гектарға дейін екі есе ұлғайды. Биыл мамырда бекітілген Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарында тау бөктеріндегі барлық бос жер құрылыс жүргізуге болмайтын рекреациялық аймақтарға ауыстырылды.
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр