Ғылым министрі үкіметте тәжірибе көрсетіп жатып саусағын күйдіріп алды
Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек үкіметтің баспасөз орталығында тәжірибе жүргізіп, өзі алып келген кабельді оттықпен күйдіріп көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Осылайша министр Қазақстанда шығарылатын ыстыққа төзімді кабельді көрсеткен. Кабель расымен өртенбеген, алайда Саясат Нұрбек саусағын күйдіріп алды.
Шендінің айтуынша, изоляциялық материалды қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан.
"Бізде ядролық физика институты бар, ол жерде иондық жеделдеткіш тұр. Жеделдеткіш материалдың құрылымын өзгертуге көмектеседі. Кабель шығаратын "Қазэлектромаш" бар. Олар кабель шығарады және бұл үшін отқа төзімді материал керек. Сондықтан осындай кабель дайындап шығардық, жанбайды және тұтанып кетпейді. Сондай-ақ суыққа төзімді, сынып кетпейтін кабельдер бар. Осындай кабельдің бір партиясы экспортқа кетті", – деді Саясат Нұрбек.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар