GGG спорттық мансабына қатысты сұраққа жауап берді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареспен өткізген үшінші жекпе-жегінен кейін алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес арасындағы трилогия мексикалықтың жеңісімен аяқталды.
Жекпе-жектен кейін жүргізуші GGG-ге “Трилогиядан кейін мансабыңыз жалғаса ма” деген сұрақ қойды.
“Әрине, үлкен жоспарларым бар. Әлі де көптеген қарсыластарым бар. Канелоны және барлық бокс жанкүйерлерін құттықтаймын. Естеріңізде болсын, менде орта салмақтағы үш белбеу бар. Мен қайтып келемін. Мен әлі де чемпионмын”, – деді отандасымыз.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшыға қоңырау шалып, оған қолдау көрсеткенін хабарлаған едік,
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады

