Германия санкциялардың кесірінен Еуропаның күйреу қауіпі бар екенін айтты
26 наурызда неміс экономисі Айка Хамер Еуропалық Одақтың өз санкцияларының кері әсеріне ұшырауы мүмкін екенін айтты. Ал Ресейге қарсы шаралардың кесірінен Германияның экономикасы күйрейтін болса, онда бүкіл Еуропа ыдырау қауіпі бар екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

"Ресеймен текетірес пен бұл күрестің ешбір сауабы жоқ. Егер Германия экономикасы осы шаралардың кесірінен күйреуі мүмкін болса, онда бүкіл Еуропа ыдырайтын болады ", - деді Хамер RT арнасына берген сұхбатында.
Экономист дағдарыс ең алдымен Германиядағы, Еуропадағы және АҚШ-тағы орта тап пен ең кедей халыққа әсер ететінін айтты. Жанармай бағасының күрт көтерілуіне байланысты еуропалықтар мен американдықтардың көпшілігінің көлікпен жүруі қиындайтын болады. Ал онсыз дамыған Батыс елдерінің бүгінгі дәрежесі төмендейтінін алға тартты.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар