Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья өлімі: Германия істі Ресейге бермейтін болды

Германияда экс-судья Сайлыбаеваның өліміне күдіктілер әлі қамауға алынбаған
Фото: жақындарының архиві

Бас прокуратура бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі бойынша Германияның құзыретті органдарының тергеуіне немесе шешім қабылдау процесіне араласуға құқылы емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы Айбек Нұрахметов Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеуді елдің құзыретті органдары ұлттық заңнамаға сәйкес жүргізіп жатқанын атап өтті.

Туыстары әйел күйеуі мен енесінің озбырлығына ұшырағанына сенеді. 2025 жылдың маусым айында Германия полициясы кісі өлтіруге күдікті деп танылған енесі Наталья Донцованы қамауға алу туралы ордер шығарды. Германия соты оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды. Донцованы қамауға алу туралы ордер Германияда және бүкіл Еуропалық Одақта жарамды.

"Бұл қылмыстық іс бойынша германиялық немесе ресейлік құқық қорғау органдарынан ешқандай өтініш түскен жоқ. Дегенмен Бас прокуратураның бастамасымен Германиядағы Қазақстанның елшілігі Донцовтар отбасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін істі Ресей Федерациясына беру мәселесін көтерді. Себебі олар Ресей азаматтары және экстрадициялауға жатпайды. Дегенмен қылмыстық жауапкершілікке тарту және одан әрі процедуралық шешімдер қабылдау мәселелері тәуелсіз Германия сот жүйесінің айрықша құзыретіне жатады", – деді Айбек Нұрахметов.

Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германияның Бенсхайм қаласының маңынан табылған еді. Судьяның денесі табылғанға дейін оның Германияда із-түссіз жоғалып кеткенін хабарланған. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.

16 маусым күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Кейін Сайлыбаеваның өлімін 35 тергеуші тексерді. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді. Кейін оның енесі мен күйеуіне іздеу жарияланды.

2025 жылдың Айгүлдің туған ағасы Қанат Сайлыбаев күдіктілер Александр мен Наталья Донцовтардың Мәскеуде ұсталғанын хабарлады. Алайда кейінірек Қазақстанның бас прокуратурасы Ресей тарапы судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдіктілерді Қазақстанға бермейтінін мәлімдеді.

Ал жақында Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов әйелінің өліміне кінәлі емес екенін айтқан.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 22 Маусым, 2026 10:39