Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Геосаяси және экономикалық ахуал мәз емес": Тоқаев Түркі мемлекеттері арасындағы байланысты дамыту керегін мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде елдер арасындағы ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеру керегін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Тоқаев өз сөзінде әлемдегі саяси және экономикалық жағдайдың қиындағанын айтты. 

“Қазір геосаяси жағдай күрделі екенін білесіздер. Әлемдегі экономикалық ахуал да мәз емес. Осындай қиын кезеңде Түркі әлемі өзара ынтымақтастығын нығайта түсті. Бұл – өте дұрыс қадам. Біздің ұйым сол арқылы халықаралық деңгейде өзіндік орны бар екенін көрсетті. Елдеріміз саяси, экономикалық және мәдени ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруі қажет. Бұл – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттың бірі", – деді ол.

Сонымен қатар президент саммит қатысушылары Түркістанда өтетін Ұйымның оныншы мерейтойлық саммитіне шақырды. 

“Биыл қазан айында киелі Түркістанда Ұйымның оныншы мерейтойлық саммиті өтеді. Сіздерді осы алқалы жиынға қатысуға шақырамын. Бұдан бөлек, күзде ұйымға төрағалық ету міндеті Қазақстанға жүктеледі. Сол кезде бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылатын болады", – деді ол.

Еске салайық, саммит барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Түркияда әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенін айтқан еді. 

Талқылау