Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды
Орта салмақтағы бразилиялық боксшы Эсквива Фалькао орта салмақта IBF және IBO чемпионы Головкинмен жұдырықтасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жектің нақты күні әлі белгіленбеген, бірақ барлық белгілер жекпе-жектің тамыз айында болатынын көрсетеді.
"Мен қазіргі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуім керек. Бұл жекпе-жек маған өте жақсы болады, сенімдімін. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді", - деді Эсквива Фалькао Lance.com.br сайтына берген сұхбатында.
Фалькао 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында күміс алды.
Бұған дейін Геннадий Головкин 31 желтоқсанға жоспарланған жапондық Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді деп хабарланған еді.
- Головкин мансабында қанша табыс тапты?
- Геннадий Головкин балаларының суретін жариялап, жанкүйерлерінің жүрегін елжіретті
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады