Головкин мансабында қанша табыс тапты?
Boxingnews24 басылымының бокс сарапшысы Энджел Флауэрс қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің кәсіби мансабында қанша табыс тапқанын есептеді.
"Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы екі жекпе-жегінде бар табысының 90% тапты. Ол мансабында шамамен 30-35 миллион доллар қаржы жинаған. Ал "Канелоға" қарсы екі айқас үшін 37 миллион сыйақы алды.
Сауль Альварес түрік боксшысы Авни Йылдырым кейінгі жекпе-жегі үшін және британиялық Каллум Смитке қарсы айқаста 20 миллионнан алды", - деп жазды Флауэрс.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канело" 2017 және 2018 жылдары жұдырықтасты. Жалып, қазақстандық боксшы мансабында 43 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде жеңіліс тапқан.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
