Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Газада ұшақтан тасталған гуманитарлық көмек палестиналықтардың үстіне түсіп кеткен: Қаза тапқандар бар

Газа секторының үстінен ұшақтан тасталған гуманитарлық көмек палестиналықтардың үстіне түсіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Anadolu басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

гумкөмек

Фото: Euronews репортажынан скриншот

Куәгерлердің сөзінше, Джала көшесіндегі Шати босқындар лагерінде гуманитарлық көмек күткен тұрғындардың үстіне үлкен жәшіктер түскен. Салдарынан кем дегенде 5 адам көз жұмып, тағы бірнешеуі жарақат алды. 

Египет, БАӘ, Иордания, Катар, Оман мен Бахрейн әуе арқылы көмек жеткізу бойынша бірлескен операция жүргізіп жатыр.

Бұған дейін ұшақтан тасталған көмектің бір бөлігі теңізге түсіп кеткен еді. Кейбірі гуманитарлық көмекке жету үшін шағын қайықтарды қолданса, кейбірі өздері жүзіп жетпек болған. 

БҰҰ мен өзге де ұйымдар Газада атысты тоқтатып, гуманитарлық көмекті көбейтуге шақырған. Себебі аймақты аштық жайлап, ауру көбейді. 

7 қазаннан бері Газа секторында Израиль шабуылынан 30 800 палестиналық көз жұмды. Оның ішінде 13 430 бала бар, тағы 72 298 адам жарақат алды. 


2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды

Талқылау