Газа секторына жөнелтілген гуманитарлық жүк көлігі жұмаға дейін жетеді – Байден
АҚШ президенті Джо Байден алғашқы гуманитарлық жүк көліктерін Газаға жіберу туралы Мысыр президентімен сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: twitter.com/POTUS
Байденнің айтуынша, әлеуметтік көмек Рафах шекарасына жұмаға дейін жеткізіледі.
"Олар жүк көліктері өтетін жолдарды жамаумен айналысады. Бұл шамамен сегіз сағатты алады деп жоспарлануда.
Егер ХАМАС оларды тәркілеп, керек жеріне өткізбесе, көмек тоқтайды. Өйткені біз ХАМАС-қа гуманитарлық көмек жіберіп отырған жоқпыз", – деді Байден.
Оның айтуынша, Газадағы көмекті бөлумен БҰҰ агенттіктері айналысады.
Егер бәрі ойдағыдай және ХАМАС-тың араласуынсыз өтсе, шекарада күтіп тұрған көмек көліктерінің қалған бөлігі Газаға жіберіледі.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар