"Гауһартасы бар сағат": Гүлзира Айдарбекованың қос келіні туған күніне ерекше сыйлық тарту етті
Танымал продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова 56 жасқа толды. Туған күн иесін бірінші болып қос келіні құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Жұлдызды ене келіндеріне рақмет айтып, ақ тілегін жаудырды.
“Анашым келіп жеткен туған күніңізбен құттықтаймын. Деніңіз сау болсын, әрдайым жанымызда жарқырап, жайнап жүре беріңіз! Аллам басыңыздағы бағыңыздан айырмасын. Біз сізді жақсы көреміз", – деп құттықтады кенже келіні Индира Мәулен.
Продюсердің ортаншы келіні Айкерім Сәркенова қызы Ақмөрмен Астанадан ұшып келіп, тосынсый жасады. Олар туған күн иесіне гауһартасы бар сағат сыйлады.
“Мама, туған күніңізбен! Сізге бар жақсылығын тілеймін Әрдайым жүзіңізден күлкі кетпесін”, – деп жазды
-
"Есіріп кетпесе болды": Гүлзира Айдарбекова келіндерін жер-көкке сыйғызбай мақтады
-
"Күң сияқты жұмсайды": Гүлзира Айдарбекова кенже келініне ыстық нан жаптырып, сынға қалды
56 жасқа толып жатқан продюсер парақшасына жазба жариялап, тілек білдірген барша оқырманға алғыс айтты.
“Құттықтап жатқан баршаңызға, аналық ақ жүрегіммен басымды иемін! Алла ең бастысы келіндеріңізді адалынан берсін! Барлық ана атаулы осы сөзді дұғаларыңызға қосып айта жүріңіздерші. Алланың мейірімі шексіз ғой шіркін! "Жақсы сөз жарым ырыс" құдалармен жақсы қарым-қатынас, мың жылдық болу да бәрі осы ұл-қыздарымыздың бақытына таңылып қойған. Анашым деп күлімдеп алдыңызда жадырап келініңіз шәйін мәпелеп құйып беріп отырса, аналардың арманы сол емес па?! Қалған минустарының бәрін түзеп қойып отыра бересің ғой. Тек араға азғырушылар түспесін! Отбасының шамшырағы, ұйытқысы осы ене мен келін емес па. Мейірімі шексіз Аллам, ұл-қыздарымыз үлкен әулетті отбасы болып, ауыз біршілігіміз мол болсын!”, – деп жазды туған күн иесі.
Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке баратынын айтып, жолға шығатынын мәлімдеген еді.