Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гарри ханзадаға қазақстандық шоколадтан дәм татқызды

Гарри ханзада мен жұбайы Меган Маркл қазақстандық шоколадтан дәм татты.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Әлем жұртшылығының талқысына түскен Гарри ханзада мен актриса Меган Маркл жұбы қазақстандық шоколадтан ауыз тиеді.

Қос ғашық 1 желтоқсанға қараған түні Ноттингемге барды. Бақытты жұпты бір топ адам қуана қарсы алды. Гарри ханзада мен оның қалыңдығы жиналғандардың қолын алып, жылы шырай танытты.

Олардың қатарында қазақстандық студент Раушан Нуржубалина да болды. Гарри ханзада бойжеткеннен қайдан болатынын және қандай мамандық бойынша білім алып жатқандығын сұрады.

Әңгімелесіп болған соң Раушан ханзадаға қазақстандық шоколадты тарту етіп, некелескенімен құттықтады. Ал Гарри сыйлықты көмекшісіне тапсырып, міндетті түрде қазақстандық тәттінің дәмін көретінін жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Ер адам жерге құлап қалған баланы аяусыз теуіп жіберген видео көпшілікті ашуландырды (видео)

Үндістанда өлі туған сәби кремация алдында тіріліп кетті

Танымал фотосуретші ерекше суреттер түсіру үшін бір ауылды өртеп жіберді (фото)

Үндістанда полиция аяғынан жағымсыз иіс шыққан тұрғынды тұтқындады

Талқылау