Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар тіс пастасының денсаулыққа ерекше пайдасын анықтады

Тіс пастасы организмдегі қызуды азайтып, инфаркт пен инсульт қаупін де азайтады екен. Флоридадағы Атлантикалық университет ғалымдары осындай қорытындыға келген.

5LJKiwgwbG8

Фото: userapi.com

Бұл туралы EurekAlert хабарлайды.

Тәжірибеге қатысқан адамдар 60 күн бойы зерттеушілер бекіткен ереже бойынша әдіс жасаған. Бір топқа Plaque HD маркалы тіс пастасы берілсе, екіншілеріне қалдықтарды тазалауға қауқары жоқ паста беріледі. Әсер ету күшін анықтау мақсатында еріктілер құрамында флуоресцеин бар пастамен тістерін шайған. Содан кейін ультракүлгін лампаның жарығында суретке түседі.

Ғалымдар иммуноферментті анализ көмегімен С-реактивті ақуызының белсенділігін де анықтаған. Бұл өз кезегінде дене қызуын арттырып, инсульт пен инфарктқа жол ашып жатады.

Белгілі болғандай Plaque HD тіс пастасын пайдалану адам организміндегі әлгі ақуыздың деңгейін төмендетеді. Алғашқы сынақтан кейін-ақ, аталмыш пастаның жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алатыны белгілі болған.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда зорланған бүлдіршінді емдеуге неміс дәрігері көмектесетін болды

Ақтөбеде еркектер ұрық тапсырып ақша таба алатын болды

Қатерлі дерттен айықтырады деп жұрт таласып алатын қоңыздар жайлы дәрігерлер не дейді

Маңғыстау тұрғыны ұлын “бөтелке” ойынының талабын орындамағаны үшін өлтіргенін айтады

Талқылау