Ғалымдар иттің ракпен ауыратын адамды жазбай танитынын дәлелдеді
Жаңа методиканы бірнеше рет сынап көрген жапониялық ғалымдар бірегей жаңалыққа қол жеткізді.

Бұл туралы Жапонияның Nikkei газетінде жазылды.
Тиба префектурасындағы медициналық мектептің ғалымдары мен мамандары иттерге ерекше зерттеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде иттердің онкологиялық ауруға шалдыққан адамды жазбай танитыны анықталды.
Эксперимент үшін лабрадор бірнеше итке онкологиялық ауруға шалдыққан және сау адамдардың зәрі ұсынылған. Төрт ыдыстағы зәрдің ішінен иттер онкологиялық ауруға шалдыққан адамдікін таңдап отырған.
Осы секілді зерттеу жұмыстары алғаш 80-жылдары жүргізілген болатын. Қазір зерттеу күрделеніп, ғалымдар иттердің ауыр дертке шалдыққан адамдарды жазбай тану қасиетін ашты. Осылайша, мамандар онкологиялық аурулардың алдын алып отырмақ.
Қазақстандық жігіт жасанды интеллект арқылы айына 2 миллион теңге табыс табады
Достарына әзіл үшін видео түсірген Алиаскар Куттымурат жасанды интеллект арқылы айына 2 миллион теңге табады
Қазақстандық ана жоғары сынып оқушылары ұлына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын айтты: Ол оқиғаның мән-жайын баяндады
Бұған дейін де оны 3 рет зорлаған