Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар алғаш рет адам мен шошқаны будандастырды (фото)

Ғалымдар алғаш рет адам мен шошқаны будандастырып, химера эмбрионын жасап шығарды.

_93829451_9ae71a0d-3544-4fff-88fc-3a2ea7bd44a5

Бұл туралы the Cell журналында жарияланды.

Эбрионның 0,001%-ы адамның, қалғаны шошқаның жасушасынан жаалған. Оған дамуға тек 28 күн берілді. Бұл техника жануарлардың ішінде адамның кей ағзасын өсіруге мүмкіндік береді. Алайда бұл үрдіс оң нәтижесі бермеді. 28 күн ішінде 2 075 эмбрионның тек 186-сы дамыған. Мұнымен қатар, адам жасушалары химераның бір бөлігі ретінде жұмыс істеген.

“Алғаш рет адамның жасушалары ірі жануардың ішінде өсірілді”, – дейді Солка биологиялық зерттеулер институтының профессоры Хуан Карлос Исписуа. Шошқа ұрығының дамуы адамға қарағанда жылдам іске асады екен. Жүктілік мерзімі адамда 9 айға ұласса, бұл үрдіс шошқада 4 айға жалғасады. Бельмонте бұл құбылысты көліктер жарысқан жолмен теңестерді.

Ғалымдардың айтуынша, дәл осындай химерелар жаңа шыққан дәріні адмға бермес бұрын тексеріп көруге мүмкіндік береді. Бұдан өзге химераның көмегімен адам эмбрионының бастапқыда қалай дамитынын дәл анықтауға болады. Мұны анықту үшін ғалымдар эмбриондағы адам жасушаларының санын 0,1-1%-ға дейін жеткізуі тиіс.


Жіберіп алмаңыз:

Көздің қанталауы: себебі мен айығу жолдары

Жауқазынды туберкулез бен дененің сарғаюына қарсы ем ретінде қолданады

Түрлі дертпен ауыратын жандар қандай тағамдар жеу керек

Бетіңізге түскен әжімдер арқылы қай мүшеңіз ауыратынын біле аласыз

Талқылау