Бетіңізге түскен әжімдер арқылы қай мүшеңіз ауыратынын біле аласыз
Көздің төңірегінде доға тәрізді «күлкі әжімі» пайда болу – денедегі сіңір ұлпалары әлсірегеннің және есту қабілеті төмендегеннің белгісі.
Көздің астыңғы жағына жарты ай тәрізді білеуленген әжім түсу – бүйрек, қуық, жүрек ауруларының белгісі, деп жазады медицина ғылымдарының докторы Жасан Зекейұлы Facebook парақшасында.
Мұрынның қырына «+» формалы әжім түсу – жұлын немесе бүйрек бөлімінде ауру өзгерісі туылғандығының белгісі.
Маңдайына әжім түскендердің шекесі ауырғыш болады.
Оң жақ бетіндегі әжім, сол жақ бетіндегіден терең болу – бауыр ауруының белгісі.
Маңдайындағы әжімдер бір-біріне ұласпай толқын сияқты болып тұрғандар – жабығу ауруына шалдығып, көңіл-күйі тұрақты болмайтындар.
Мұрыннан ерінге дейін ұзын, көлбеу әжім түсу – жүрек ауруының белгісі.
Маңдайына орақ формалы әжім түсу – аяғында ақау бар екендігінің белгісі.
Ерніне ұсақ әжім түсу – асқазан ауруының белгісі.
Аузының үстіңгі, мұрнының астыңғы жағына әжім түсу – гормон қимылының әлсіз екендігінің белгісі.
Иегіне және астыңғы ерніне әжім түсу – ішек, асқазан, геморрой ауруларының белгісі.
Жіберіп алмаңыз:
Түрлі дертпен ауыратын жандар қандай тағамдар жеу керек
Шығыс-тибет медицинасының жетекшісі әр күнге арналған пайдалы 10 кеңесін ұсынды
Ғалымдар науқастарға әйел-дәрігерлерге қаралуға кеңес береді
Сүйіктіңіздің мінезін әжімі арқылы таныңыз
Ғалымдар әжім мен безеу түсірмейтін жасанды тері ойлап тапты