Ғалымдар тез ұйықтауға көмектесетін құрылғы ойлап тапты
Массачусетс технология институтының (MIT) ғалымдары адамға тез ұйықтап қалуға көмектесетін құрылғы ойлап тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Interesting Engineering-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Interesting Engineering
Ресми статистикаға сүйенсек, дүниежүзіндегі ересектердің 80%-ы ұйқысының сапасын жақсартқысы келеді. Америкалық ғалымдар осыны ескеріп Elemind деген құрылғыны әзірледі. Ол жұмсақ таңғыш сияқты. Адам оны басына тағады. Құрылғы нейромодуляция арқылы адамның ми толқынына әсер етіп, сергек күйін терең ұйқы фазасына ауыстырады.
Жаңа технологияны жасағандардың айтуынша, бұл құрылғы адамға күйзелістен арылуға, дәрі-дәрмек ішпей-ақ тез ұйықтауға, тынығуға көмектеседі.
Elemind-тің басты артықшылығы - ұйқы ұзақтығын бақылай алатынында. Қолданушы оянған соң, оны пайдаланғысы келмесе, құрылғыдағы бір тетікті басып өшіре алады.
Құрылғы жақында АҚШ-та сатыла бастайды. Бағасы – 349 АҚШ доллары.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”