Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаудағы шаңды құйын тұрғындарды шошытты (видео)

Шаңды құйын
Фото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Таушық ауылында тұрғындар қуатты шаңды құйынды видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ерекше атмосфералық құбылыстың видеосы 27 маусым күні әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда құйынның ауыл көшелерімен қозғалып бара жатқаны көрінеді. Видеоның нақты қашан түсірілгені туралы ақпарат берілмеген.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккендер туралы 112 бірыңғай нөміріне ешқандай хабарлама түспегенін мәлімдеді.

Бұған дейін метеорологтар Маңғыстау облысындағы шаңды құйындардың пайда болу себептерін түсіндірген еді. Олардың айтуынша, мұндай атмосфералық құбылыстар ауа райы ыстық, аспан бұлтсыз болған кезде, жер беті қатты қызғанда пайда болады. Температураның күрт өзгеруі салдарынан ауада құйын тәрізді қозғалыстар пайда болып, олар шаң мен құмды жоғары көтереді.

Мамандардың айтуынша, шаңды құйындар жергілікті сипатқа ие, сондай-ақ әдетте қиратушы күшке ие болмайды.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде қатты дауылдан ағаштар құлап, тұрғындар жарықсыз қалғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Жексенбі, 28 Маусым, 2026 12:35