Венесуэлада жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 1400-ден асты

Венесуэлада 24 маусым күні болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 1400 адамнан асты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Венесуэлада болған жер сілкіністері салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер санына қатысты соңғы деректерді Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригес жариялады.
"Өкінішке қарай, қаза тапқандардың саны 1 430-ға жеткенін тіркедік. Олардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамыз", – деді спикер ұлттық телеарнаға берген сұхбатында.
ОқыңызСаясаткердің айтуынша, зардап шеккен 3 238 адамға медициналық көмек көрсетілген. Сонымен қатар билік баспанасыз қалған 3 142 отбасын тіркеп, оларды уақытша паналау орындарына орналастырған.
Еске салсақ, 24 маусым күні Венесуэлада араға бір минут салып екі қуатты жер сілкінісі болғаны туралы жазған едік. Алғашқы жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 балл болса, небәрі бір минут өткенде магнитудасы 7,5 балла болатын екінші жер сілкінісі тіркелген. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айтты.