Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты: Плей-офф кезеңінің қатысушылары толық анықталды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. 48 қатысушы команданың 32-сі плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан турнирде алғаш рет 48 құрама өнер көрсетті. Олар 12 топқа бөлінді.
Әр топтан екі үздік құрама тікелей плей-офф кезеңіне жолдама алды. Сондай-ақ үшінші орын алған командалардың ішінен ең үздік сегіз құрама 1/16 финалға өтті.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы жұптар:
- Германия – Парагвай
- Франция – Швеция
- ОАР – Канада
- Нидерланд – Марокко
- Португалия – Хорватия
- Испания – Австрия
- АҚШ – Босния және Герцеговина
- Бельгия – Сенегал
- Бразилия – Жапония
- Кот-д’Ивуар – Норвегия
- Мексика – Эквадор
- Англия – Конго ДР
- Аргентина – Кабо-Верде
- Австралия – Мысыр
- Швейцария – Алжир
- Колумбия – Гана
ОқыңызАл Чехия, Оңтүстік Корея, Катар, Шотландия, Гаити, Түркия, Кюрасао, Тунис, Иран, Жаңа Зеландия, Уругвай, Сауд Арабиясы, Ирак, Панама, Иордания және Өзбекстан құрамалары турнирден шығып қалды.
Плей-офф кезеңінің алғашқы ойыны 28-нен 29 маусымға қараған түні басталады. Бұл кездесуде Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) мен Канада құрамалары өзара бақ сынайды. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 19 шілдеге дейін жалғасады.
Еске салсақ, 12 маусым күні Мехикода футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты өткен еді. Биылғы әлем чемпионаты әлем футболы тарихындағы ең қымбат әрі ең ауқымды турнир.