Алматы облысында ағаш құлап, көліктерді басып қалды: Зардап шеккендер бар (видео)
Алматы облысында ағаш құлап, екі автокөлікті басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 27 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданында, Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасындағы жолда болған.
Оқиға орнына өңірлік ТЖД күштері мен техникалары шұғыл түрде жіберілген.
"Оқиға орнына келгеннен кейін ағаштың құлауы салдарынан екі жеңіл автокөліктің зақымданғаны анықталды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде қатты дауылдан ағаштар құлап, тұрғындар жарықсыз қалғаны туралы жазған едік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған
