Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: "Спутник V" вакцинасының бір дозасы да жеткілікті мөлшерде антидене қалыптастырады

Ресейлік Sputnik V вакцинасының бір дозасын салдырғаннан кейін-ақ болса жоғары иммунитет пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Аргентина ғалымдары мәлімдеді. Наурыз айының соңында Аргентина билігі азаматтарға COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын ғана егуге шешім қабылдады және екінші дозаны салуды үш айға кейінге қалдырды. Осылайша, аргентин билігі әлемде коронавирусқа қарсы вакцина тапшы кезде көп адамға вакцина еге алатынын жеткізді. 

"288 адам қатысқан Sputnik V вакцинасына иммундық реакцияны талдау көрсеткендей, олардың 94% -ында бір дозаны қабылдағаннан кейін қажетті мөлшерде антиденелер қалыптасқан", - дейді Аргентина үкіметінің баспасөз қызметі.

"Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бұрын вирус жұқтырып, ресейлік вакцинаның бірінші дозасын алған адамдардың бойында екі дозаны қатар алған адамдарға қарағанда антиденелер саны 4,6 есе көп болып шықты", - делінген зерттеуде. 

Сондай-ақ 60 жасқа дейінгі адамдардың 96% -ында вакцинаның бір дозасын ектірігеннен кейін 21 күн өткен соң антиденелер жеткілікті болатындығы анықталды. 60 жастан асқан адамдар үшін бұл көрсеткіш 89% құрайды.


Талқылау