Ғалымдар коронавирустың миға деген кері әсерін анықтады
Гамбург-Эппендорф Маркус Глатцель университеттік емхана профессорлары коронавирустан көз жұмған науқастардың миына зерттеу жүргізіп, кеселдің адамның жүйке жүйесіне деген әсерін дәлелдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Thelancet басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдар COVID-19-дан көз жұмған адамдардың миынан вирусты тапқан. Бұл ауру тудырушылардың жүйке жүйесін де зақымдайды дегенді білдіреді. Зерттеушілер орта жасы 76-ны құрайтын қайтыс болған 43 науқастың миына зерттеу жүргізген. Олардың көпшілігі асқынып кеткен созылмалы аурулар мен өкпе қабынуынан көз жұмған сыңайлы.
Мамандар вирус ми мен адамның өзге де ағзаларын байланыстыратын жүйке арқылы таралғанын алға тартады. Сөздерінше, кейбір адамдардың денесінен мидың қызметі бұзылуына алып келетін бірқатар асқыну белгілері анықталған.
Десек те олар SARS-CoV-2-нің жүйке жүйесін тікелей әсер етпейтінін және вирустық энцефалитке алып келмейтінін жеткізді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар