Ғалымдар ауаның ластануы мен климаттағы өзгерістің адам денсаулығына кері әсерін бағалады
Жұмыс орнында ауа ластануынан әлем бойынша 1,6 миллиард адам зардап шегеді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Халықаралық еңбек ұйымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: IQair.com
Қызметкерлердің денсаулығына ультракүлгін сәуленің де зияны көп. Ал климаттың өзгеруі жүрек-қантамыр мен тыныс алу жолдары ауруына, бүйрек қызметінің бұзылуына, психикалық күйзеліске алып келеді.
2020 жылғы дерек бойынша, 2,4 миллиард адам жоғары температурадан зардап шеккен. Бұл көрсеткіш 2000 жылдан бері 65,5%-дан 70,9% өскен. Оның ішінде 2020 жылы 26,2 миллион адам бүйрек дертіне шалдыққан.
Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті бағалау бөлімінің басшысы Манал Аззидің сөзінше, климаттың өзгеруі қызметкерлердің өміріне айтарлықтай зиянын тигізген. Ол еңбек қауіпсіздігі мен гигиенаны сақтауға шақырды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған