Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар астероидтан жерден тыс тіршіліктің белгілерін тапты

Жапон ғалымдары астероидтағы аминқышқылдары жерден тыс тіршілікті көрсетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рюгу астероидынан алынған топырақта аминқышқылдарының болуы жерден тыс тіршіліктің бар екенін көрсетуі мүмкін. Бұл туралы Йокогама мемлекеттік университетінің астробиология профессоры Кенсей Кобаяши мәлімдеді. Рюгуда амин қышқылдарының 20-дан астам түрі табылған. 

"Амин қышқылдарының астероидтардың ішкі бөлігінде болуы бұл органикалық қосылыстардың ғарыштан жерге келуі мүмкіндігін арттырады. Тіршілік біз ойлағаннан да бұрын ғаламның өзге жерлерінде бірінші пайда болуы мүмкін", – деп түсіндірді Кенсей Кобаяши. 



Сонымен бірге аминқышқылдары жерге ғарыштан метеоритпен келген кезде аспан денелері атмосфераға түскен кезде жиі жанып кететінін ескеруі керек. Бұған дейін “Роскосмос” басшысы Дмитрий Рогозин гуманоид келімсектердің бар екенін мойындаған болатын. Ол ресейлік-еуропалық ExoMars бағдарламасы тек басқа өмірдің белгілерін іздеп жатқанын еске салды.

Талқылау