Ғалымдар алма жеудің ел күтпеген жаңа әсерін анықтады
Шетелдік ғалымдар алманың адам жадының дамуына әсері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәселені Квинсленд университетінің және неміс нейродегенеративті аурулар орталығының мамандары зерттеді. Ғалымдар тышқандарға зерттеу жүргізді.
Зерттеушілер ересек тышқандардың миынан бағаналы жасушаларды өсіріп, оларға алма құрамындағы кверцетин немесе 2-гидроксибензой қышқылы — фитонутриенттер қосылды.
Зерттеу нәтижелері бойынша алмадағы фитонутриенттердің жоғары концентрациясы нейрогенезді ынталандырады, яғни, жаңа нейрондардың пайда болу процесі жүреді.
"Резвератрол және эпигаллокатехин-3-галлат (EGCG) сияқты фитонутриенттер әртүрлі мүшелерге, соның ішінде миға да оң әсер етуі мүмкін", - дейді ғалымдар.
Олардың айтуынша, алынған әсер жаңа нейрондардың пайда болуына көмектесетін белгілі жаттығулардың әсерімен салыстырылыпты.
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты
Жақындарының сөзінше, оны сыныптасы жоғары сынптың балаларының айтуымен ұрған
Наурыздағы кездейсоқ кадр: Қазақстандық апа италиялық Vogue журналына қалай шықты
Фотографтың айтуынша, 4 жыл бойы Vogue-ға өзінің жұмыстарын жіберіп келеді