Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адамның коронавирус жұқтырғанын 30 минутта анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Ресейлік ғалымдар 30 минуттан аз уақыт ішінде COVID-19 вирусының адам ағзасында бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапқан, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі. 

птр тест

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиянның мәліметінше,  Федералды биомедициналық агенттіктің мамандары SARS-CoV-2 мутациясын жылдам бақылаудың жолын тапты, яғни коронавирустың маңызды қасиеттеріне жауап беретін геномның тек бір бөлігін "оқуды" ұсынады.

COVID-19 вирусының экспресс-диагностикасын зерттеу "ЛЭТИ" Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің микротехнология және диагностика инженерлік орталығында да жүргізілуде. Егер сынақтар сәтті өтсе, бұл Ресейдегі алғашқы тест жүйесі болады, ол патогенді небары 10 минут ішінде анықтай алады.

Сондай-ақ Чили Республикасының Үкіметі қытайлық Sinovac шығарған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 6 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат берді. Шешімді үш жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тобын вакциналау қорытындысын зерттеген сарапшылар комиссиясы қабылдады. Сарапшылар жүргізілген зерттеулер вакцинадан иммундық реакцияның жақсы нәтижесін бергенін атап өтті.

 

Талқылау