Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар 2027 жылға қарай жойылып кеткен мамонттарды қайта тірілтпек

Ғалымдар он мың жыл бұрын жойылып кеткен мамонттарды қайта тірілтіп, оларды арктикалық тундраға орналастыруға шешім қабылдады деп жазады The Guardian журналы. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мамонт

Зерттеушілер бұл жануарларды қайта тірілту идеясын он жылдан астам уақыт бойы талқылап келеді және қазір оның жүзеге асуына көмектесу үшін грант алғанын жариялады.

Colossal биологиялық ғылым компаниясы мамонттарды "тірілту" үшін 15 миллион доллар алды. Бастапқыда мамандар піл мен мамонттың буданын жасауды ойлаған. Ол үшін зертханада мамонт ДНҚ тасымалдайтын эмбриондар құру қажет, ал піл ДНҚ-сын құрып кету қаупі бар Азия пілдерінің тері жасушаларынан алынуы керек болған. 

Генетика профессоры Джордж Черчь біздің заманымызда тіршілік етіп жатқан пілдің генін берілген параметрлермен мамонт болып шығуы үшін түзеткісі келеді. Эмбриондарды суррогат анаға немесе жасанды жатырға салу жоспарлануда. Егер барлығы жоспарлағандай болып жатса, онда мамонт төлдерінің алғаш пайда болуын алты жылдан кейін – 2027 жылға қарай күтуге болады дейді зерттеушілер.

"Біздің мақсат – аязға төзімді піл жасау, бірақ ол өзін мамонт сияқты және мамонт секілді көрінетін болады", – дейді жоба авторы.

Сондай-ақ бұл жоба Азия пілдерінің түр ретінде сақталуына ықпал етуі тиіс екені және климаттың өзгеруіне қарсы күрес идеясын жүзеге асыратыны айтылады. Алайда барлық ғалымдар бұл пікірмен келіспейді және көпшілігі бұл идеяға күмәнмен қарайды.


Талқылау