Ғалым Қабдунасыров Азия чемпионатының қола жүлдесіне таласады
Ғалым Қабдунасыров Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама ала алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
60 келі салмақта белдескен балуанымыз қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтты. Әуелі үндістандық қарсыласын 9:0 есебімен ұтса, ширек финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері корейлік Ким Сангакты уақытынан бұрын жеңді. Бірақ жартылай финалда жапон балуаны Инабадан 3:8 есебімен ұтылып, Азия чемпионатының алтынына таласуға мүмкіндігінен айырылды. Енді отандасымыз қола жүлде үшін белдеседі.
Айта кетейік, бұған дейін “классиктерден” 63 келідегі Ержет Жарылқасын өзінің мансабында алғаш рет Азия чемпионы атанғанын, 77 келідегі Магомед Ибрагимовтің қола, 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсыновтың күміс жүлдегер атанғанын жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан

