Ғаламның шегі анықталды
Ресейдің Иммануил Кант атындағы Балтиялық федералды зерттеу орталығының мамандары ғаламның шегін тауып, түнек энергиясының жоқтығын дәлелдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар түнек энергиясы жоқ деген шешімге Казимир эффектісіне сүйене отырып келген. Айтуларынша, вакуумдағы фотондар энергия бар секілді құбылады екен. Дегенмен қысымның төмендігіне байланысты бұл жерде ешқандай қуат көзі жоқ екен.
Физиктердің сөздерінше, ғаламда осыған ұқсас құбылыс пайда болады. Яғни олар ғаламның шегінің жоқтығы тек қана алдамшы көріністер екендігін айтады. Ғарыштағы материялар сан құбылатындықтан, жаратылыстың шегі жоқ секілді көрінеді.
Атап кетерлік жайт, Казимир эффектісі деп зарядтары қарама-қарсы кванттық денелердің бір-біріне тартылу күшін атаймыз. Бұл эффектінің пайда болуның негізгі себебі вакуумдағы бөлшектердің бірде көрініп, бірде жоғалып кетуінен туындаған энергетикалық құбылыс болып табылады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар