Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттік әріптестерінен кешірім сұрады

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әріптестерімен қоштасты.

Фото: nurotan.kz

Бұл туралы TVK арнасы хабарлайды.

«Менің мемлекеттік қызметтегі ең керемет күндерім Шымкент қаласында өтті. Орынбасарыма, бөлім меңгерушілеріне, аудан әкімдеріне алғысымды айтам. Жұмыс болған соң келеңсіздіктер де болып жатады. Сіздерді ренжіткен кезім болса, кешірім сұраймын. Сіздерді шын ықыласыммен құрметтеймін», – деді бұрынғы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

«Сізбен жұмыс істеген өте қызықты. Бұл қызметтен кеткеніңізді қаламаған едік. Шымкент тұрғындары да сіздің орныңызда қалуыңызды сұрады. Сізді бәрі жақсы көреді. Сізге тек табыс тілейміз. Сізден үйренгеніміз көп. Бір ұжым болып жұмыс істедік», – деді Шымкент әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова.

Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметтен кететінін естіген желі қолданушылары екі түрлі пікір жазды. Бірі оның әкім қызметінен кетуін қаламаса, енді бірі уәде еткен көп нәрсенің іске аспағанын сөз етті.

Шымкент қаласына әзірге кімнің басшылық ететіні белгісіз. Бұған дейін кеткен әкімдер БАҚ алдында орнын жауапты адамға тапсырып келген еді.

Тағы да оқыңыз:

Өзінің гомосексуалист екенін мойындаған қазақстандық әртістерге сыйлық берілетін болды

Дәрігерлер қателесіп алматылық әйелдің ішегінің жартысын кесіп алып тастаған

Қазақстанда білім саласындағылардың ең төмен жалақы алатыны анықталды

Талқылау