Гүлзира Айдарбекова екінші рет келін түсірді (фото, видео)
Айдарбековтер жанұясында дүбірлі той! Қайрат Нұртастың туған інісі Аян қалыңдығын ұзатып алып, шаңырақ көтерді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ұзату тойы мен беташар рәсімінің суреттері Instagram желісінде пайда болды.
Гүлзира Айдарбекованың өзі жаңа келін түсіргенін тағы да жасырып қалғысы келгендей, үнсіз қалды.
Қайрат Нұртас та отбасылық қуанышын жарияламады. Есесіне өнердегі әріптестері той суреттері мен видеоларын желіге салып жіберген.
Отбасын құрған Аян Нұртас болса сүйіктісі Әйгеріммен түскен суретін желідегі парақшасына жүктеп: “Біз үйлендік, біз бақыттымыз”, – деп жазды.
Жаңа келін Айдарбековтердің Астанадағы шаңырағына түскен.
Публикация от ҚАЗАҚТЫҢ ТОЙЫ БІТПЕСІН🇰🇿😍😎👍 (@svadba_kaz)
Атап өтетін жайт, беташар кезінде Қайраттың келіншегі Жұлдыз жаңа түскен келіннің жанында жеңге “қызметін” атқарып тұрды.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғали мен Ерке Есмаханға Ақтөбеде концертін тоқтатуға тура келді (фото, видео)
Белгілі ақын Жаратқанға күмән келтіріп, ел алдында ішімдік ішкен Әшімовті сынап тастады
Бішкек халқына кітабын таныстырған Баян сахнада асыр салып биледі (видео)