Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты

Ғаламторда Қайрат Нұрастың кенже інісінің сүйіктісімен түскен суреттері талқыға түсіп жатыр. Инста-парақшасына бейтаныс бойжеткеннің фотоларын жүктеген Заңғар, оқырмандарының санасын сан-саққа жүгіртіп үлгерді. Осы орайда Stan.kz тілшісі жас жігіттің ет-жақындармен сұхбаттасып қайтқан болатын. Күні бүгінге дейін екі келіннің енесі атанған Гүлзира Айдарбекова үшінші ұлының өмірлік таңдауы жайлы былай дейді…

Айдарбекова Гүлзира

«Мен енді ешқашан балалардың талғамына қарсы келмейтін адаммын. Өйткені менің айтқаныммен болса, ертең өздері өкініп отыруы мүмкін. Мен басқаны ал десем, «Мама, өзіңнің қалауың болды ғой. Сіздің қасыңызда қалсын!» – деп, қыдырып кетіп жатса маған ауыр ғой. Өздері қалап, бір-бірімен ойнап, өздері махаббат болып жүрсе, содан асқан бақыт жоқ. Махаббаттан туған бала, өздері әдемі, тәтті болады ғой», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Бірақ, Гүлзира ханымның Заңғардың жұбайына қояр талаптары тым бөлек. Продюсер, Жұлдыз Әбдікәрімова мен екінші келінімен танысудағы тәсілін бұл жолы да кенжесінің қалыңдығына қолданбақ ниетте.

Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты

«Бірінші келінімде де, екінші келінімде де сол той болады деген кезде, ата-анасымен бірге өзімен жолықтық. Алдын-ала көрейін. Аласың ба, алмайсың ба, мен бірінші көрейін деген жүйріктігім жоқ. Бірақ анық үйленеміз, біз шешім қабылдадық деген кезде, той қалай өтеді? Өздеріңіздің ойларыңыз қалай деген сияқты әңгімемен жолығамыз», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Ал Әбдікәрімова той болатын күнді сарыла күтіп жүр. Жеңгесі үшін қайныларының әр жетістігі маңызды. Өйткені, Қайраттың қос інісі Жұлдыздың көз алдында өскен.

«Өзім болашақ абысынымды асыға күтіп жүрмін. (күледі) Мен жалпы екі қайнымның кішкентай кезінде келгенмін. Бар-жоғы менің үлкен қызымдай болатын, жастары. 10 жаста, 11 жаста. Олар өзімнің қолымда болды десем де артық айтпаспын. Себебі анамыз бен Қайрат гастрөлде көп жүргендіктен, екі бала менің қол астымда болды. Енді әйел адам болғандықтан сабаққа жіберу, тамақтандыру, сырласу дегеннің бәрі менің мойнымда болды», – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Қайрат Нұрастың екінші інісі Аян Айгерім есімді арумен шаңырақ көтерген болатын.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: 

Тағы бір қазақ қызы Тиматидың шоуына қатысып, келесі кезеңге жолдама алды

Қарақат марқұм Заманбек Нұрқаділовтің өзіне көрсеткен құрметін еске алды (видео)

Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)

Қайрат Нұртас: Жұлдыздың тәрбиесінің арқасында балаларым қас-қабағымнан қорқады

 

Талқылау