Футболшы ойын кезінде төрешіні ұрып тастады (видео)
"Оратой Юс" тобының футболшысы Антуан Камиллери Мальта футбол чемпионаты кезінде төрешіні ұрып тастағаны үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Саннат Лайонс» футбол құрамасына қарсы ойнаған Камиллери сайыстың 90-минутында қарсылас команданың ойыншысын шалып құлатқаны үшін екінші сары қағазды иеленеді. Алайда футболшы алаңнан кетуге бас тартып, төрешінің өзіне тап берген. Оның бұл әрекетін басқа ойыншылар тоқтатып үлгеріпті. Алаңнан кетіп бара жатқан кезінде Камиллери басты арбитрдың ассистентін соққының астына алыпты. Ол төрешені екі рет бетінен ұрып жіберген. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер футболшының қолын қайырып, оны алып кеткен көрінеді.
Ойын барысы сол күйі аяқталмай қалған. 1:0 есебімен "Саннат Лайонс" жеңіске жетіпті.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған