Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболшы Абат Айымбетовтың командасы Түркия чемпионатында алаңнан кетіп қалды

Қазақстандық футболшы Абай Айымбетовтың клубы Түркия Суперлигасында “Галатасарайға” қарсы ойында төрешінің әділетсіз шешімінен соң алаңнан кетіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images

Түркия Суперлигасының 23-турында күтпеген оқиға болды. Стамбулдық “Галатасарай” футбол клубы өз алаңында “Адана Демирспор” клубын қабылдаған.

Матчтың 12-минутында төреші стамбулдық команданың шабуылшысы Дрис Мертенске қарсы тәртіп бұзылуына байланысты ойынды тоқтатты. Нәтижесінде Адана қақпасына 11 метрлік айып соққысы белгіленді. Нүктеге барған “Галатасарайға” қысқы ауысым кезінде командаға қосылған испандық футболшы Альваро Мората пенальтиден гол соқты.

Шиеленістің бәрі осы жерден басталды. “Адана Демирспор” ойыншылары бұл шешімнің әділетсіз болғанын айтып, төрешіге наразылықтарын білдірді. Дегенмен бұл шешім өзгеріссіз қалды.

Осылайша 34-минутта Абат Айымбетовтың командасы күмәнді пенальти үшін алаңнан кетіп қалды. Қонақ командалық ойынды әрі қарай жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде ойын осы жерден аяқталды.

Әзірге “Адана Демирспор” басшылығы бұл әрекеттері үшін ресми түрде жауап бермеді. Ал Суперлига басшылығы оқиға жайлы шешімін алдағы уақытта жариялайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл ойында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абай Айымбетов алаңға негізгі құрамда шыққан еді.

Бұл маусымда “Адана Демирспор” Түркия Суперлигасында турнирлік кестеде соңғы 19-орында келеді. 21 ойында команда небәрі 5 ұпай жинаған.

Бұған дейін, қазақстандық тағы бір шабуылшы шетелдік клуб сапына ауысқанын айтқан едік.

Талқылау