Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Словакия құрамасына есе жіберді

Еуро-2027 іріктеу кезеңі асында Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы сырта алаңда Словакияға қарсы ойында 2:1 есебімен есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Матч алғашқы минуттан-ақ қарқынды басталды.
Бірінші тайымның 11-минутында Қазақстан сапынан Рамазан Бағдат Словакия қорғанысының осал тұсын тауып, есеп ашты. Нәтижесінде бірінші тайым 1:0 ұпайымен жастарымыздың пайдасына аяқталған еді.
Алайда екінші тайымда алаң иелері ойын тізгінін өз қолдарына алды. Матчтың 52-минутында Словакия құрамасынан Фиала гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Арадан 8-минут өткен соң Фиала кезекті мәрте есеп айырмасын ұлғайтып, дубль авторы атанды. Осылайша ойын 2:1 ұпайымен Словакия өз алаңдарында жеңіске жетті.
Енді жастарымыз 18 қараша “Астана” аренада Молдова құрамасын қабылдайды.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған

