Футболдан Қазақстан чемпионатында «Шахтер» «Таразды» басып озды
Футболдан Қазақстан чемпионатының 18-турында Қарағандының "Шахтері" өз алаңында "Тараз" құрамасымен кездесті. Ойын барысындар 1:0 есебімен “Шахтер” жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бірінші таймның 16-минутында "Шахтер" сапындағы босниялық Эдин Рустемович допты қақпаға бағыттады. Алайда "Тараздың" қорғаушысы Нұрлан Дайыров қарсы тұрамын деп, допты баспен ұрып, өз қақпасына гол соғып алды.
Тараздықтардың есепті теңестіретіндей мүмкіндіктері болды. Болгариялық Милен Гамаковтың алыстан тепкен добы қақпа маңдайшасынан кері қайтты. Алайда, есеп екінші кезеңде де өзгермеді.
Осылайша, 1:0 есебімен 27 ұпай жинаған “Шахтер” турнир кестесінде төртінші сатыға көтерілді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

