Freedom банкі мемлекеттік және өзге де әлеуметтік төлемдер үшін әлеуметтік карталарды іске қосады

Freedom Банкі зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақыларды және алименттерді алушылар үшін әлеуметтік карталарды іске қосады. Цифрлық картаны Freedom SuperApp арқылы онлайн рәсімдеуге болады, ал пластикалық картаны картоматтар арқылы немесе Банктің бөлімшесінде шығаруға болады.
Картаны шығарғаннан кейін зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу үшін оның деректемелері тиісті мемлекеттік органға автоматты түрде жіберіледі және клиенттерге анықтамаларды немесе басқа да құжаттарды өз бетінше ұсынудың қажеті жоқ.
Әлеуметтік карталар:
- зейнетақы төлемдерін;
- мемлекеттік жәрдемақыларды;
- алименттерді алуға арналған.
Әлеуметтік карта ұстаушылары Freedom POS-терминалдары арқылы дәріханаларда сатып алуларды төлеген кезде, сондай-ақ Freedom SuperApp арқылы коммуналдық қызметтерге ақы төлеген кезде 15%-ға дейін кэшбэк ала алады. Қалған төлемдер үшін банктің стандартты бағдарламасы аясында клиенттің банкке деген сеніміне байланысты 1%-дан 25%-ға дейін кэшбэк есептеледі.
Freedom Банкінің әлеуметтік карталары қажетті төлем құралын мемлекеттік органдарға артық бармай-ақ, онлайн рәсімдеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан клиенттер Freedom цифрлық экожүйесінің барлық артықшылықтарын, соның ішінде кешбэкті, адалдық бағдарламасы және картаны SuperApp арқылы басқару мүмкіндігін пайдалана алады.
"Бұл жобаны іске асыру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесе жасаған жұмыстың арқасында мүмкін болды. Азаматтар үшін әлеуметтік төлемдерді алу процесін барынша қарапайым, жылдам әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін бастаманы қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз", – деп атап өтті Freedom Банкінің Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Картаны цифрлық форматта Freedom SuperApp арқылы ашуға болады, кейін оны картоматтар арқылы пластикалық нұсқада шығаруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар физикалық пластикалық картаны банктің бөлімшелерінде бірден шығаруға болады. Сондай-ақ картаны халыққа қызмет көрсету орталықтарында ашуға болады, онда Freedom картоматтары да орнатылған.
Әлеуметтік карта теңгемен шығарылады және бес жыл бойы жарамды. Әлеуметтік төлемдердің түрлеріне қарай жеке карта рәсімделетіні маңызды. Мысалы, клиент зейнетақы төлемдерін алу үшін бір картаны, ал мемлекеттік жәрдемақыларды алу үшін екінші картаны аша алады. Бұл тұрғысынан бір адам үш әлеуметтік картаға дейін аша алады. Олар банктің бір клиентке арналған жалпы лимитіне кіреді және бір клиентке төрт картадан аспайды. Әлеуметтік карталар Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан резиденттеріне қолжетімді.
Жаңа әлеуметтік картаны ашқан кезде клиентке 2 000 теңге мөлшерінде сәлемдесу бонусы беріледі. Бонус тек алғашқы әлеуметтік картаны ашқаны үшін және транзакция жасалғаннан кейін ғана есептелетінін атап өткен жөн.
Жобаны іске қосу аясында банк рефералдық бағдарламаны да ұсынады. Клиенттер өздерінің жақындары мен таныстарын әлеуметтік карта ашуға шақырып, әрбір ашылған карта үшін 3 000 теңгеге дейін бонус ала алады. Ол үшін Freedom SuperApp қосымшасындағы "Достарды шақыру" бөлімінен өз промокодын әлеуметтік карта ашатын адаммен бөлісу қажет.
Жаңа клиент картаны рефералдық бағдарлама арқылы рәсімдеген жағдайда, ол да 2 000 теңге мөлшерінде сәлемдесу бонусын алады.
Жаңа әлеуметтік карта цифрлық форматта рәсімдеудің ыңғайлылығын, төлемдерді есепке жатқызу үшін карта деректемелерін автоматты түрде беруді және Freedom банкінің адалдық бағдарламасының артықшылықтарын біріктіреді.
ҚР ҚНРДА-ның банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған 07.07.2026ж. № 1.1.551.129 әмбебап банктік лицензиясы.
12.06.2024 ж. берілген №1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚНРДА лицензиясы.
Жарнама құқығында
Қазақстандық қыз бір нанды бөлісіп жеген құрбысын аяусыз пышақтап өлтірген: Қанды қылмысқа не себеп болды