Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда көпбалалы үй қызметшісі парламентке депутат болып сайланды

Францияда үй тазалайтын қызметші әрі бес баланың анасы парламентке сайланды. Белсенді Рашель Кеке Францияның халықтың ассамблеясына кірген алғашқы үй қызметшісі атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қара нәсілді кәсіподақ белсендісі Рашель Кеке француз парламентіне депутат болып сайланған алғашқы үй қызметкері атанды.

47 жастағы Кот-д'Ивуар тумасы Кеке "Жаңа халықтық экологиялық және әлеуметтік одақ" партиясының атынан сайланды. Ол парламент сайлауының екінші турының нәтижесі бойынша бұрынғы спорт министрі Роксана Марасиняняны ("Алға" жетекші партиясының атынан сайлауға түскен) басып озды.



Көпбалалы әйел 2019-2021 жылдары Ibis Batignolles Париж қонақ үйі қызметкерлерінің митингісіне қатысып, сайлаушылар арасында танымалдылыққа ие болған. Ол кезде әйел өзгелермен бірге айлық жалақының көтерілуі мен еңбек шарттарын жақсартуды талап еткен. 

Талқылау