Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция президенті Эммануэль Макрон Астанаға ресми сапармен келді

Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Макрон Астана

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.

Қысқаша әңгіме барысында үкімет басшысы бұл сапар Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі дамуына тың серпін беретініне сенім білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Еске салайық, бұған дейін қарашаның алғашқы күндері Астанаға бірнеше елдің басшылары ресми сапармен келетіні жайлы хабарлаған едік. 2 қараша Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан, ал 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері елордаға келеді. 

Талқылау