Франция мен Германия жаңа вирус шыққан Ұлыбритания еліне рейстерді тоқтатты
Ұлыбританияда табылған және өте тез таралатын коронавирустың жаңа түріне байланысты Германия мен Франция басқа Еуропа елдерінен кейін арал мемлекетімен жолаушылар әуе қатынасына тыйым салды.

Германияның көлік министрлігі тыйым 21 желтоқсан, дүйсенбіден бастап күшіне енетінін және кем дегенде 31 желтоқсанға дейін созылатынын атап өтті.
Германия ішкі істер министрлігі сонымен қатар полицияға коронавирустың жаңа түрі табылған Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкадан келген жолаушыларды тез арада тексеруді бастауға бұйрық берді.
21 желтоқсанда ел үкіметі 1 қаңтардан бастап күшіне енуі мүмкін Оңтүстік Африка Республикасымен байланысқа одан әрі тыйым салу мүмкіндігін қарастырады.
Франция басшылығы 20 желтоқсанда Ұлыбританиядан рейстерді 48 сағатқа тоқтату туралы шешім қабылдады.
Sky News-тің хабарлауынша, Франция үкіметінің өкілі тыйым 21 желтоқсанның түн ортасынан бастап күшіне енеді деп мәлімдеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"