ForteBank-тің топ-менеджерлері күніне орта есеппен 800 мың теңге табыс табады
Фото: Depositphotos.com
ForteBank топ-менеджерлері былтыр 4,59 миллиард теңгедей сыйақы алған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,9% артық. Алайда басшылықтағылардың жеке табысы айтарлықтай төмендеген. Себебі олар осыдан екі жыл бұрын 383 миллион теңге алса, былтыр бұл сома 287 миллион теңгеге дейін қысқарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеке табыстың төмендеуіне директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің санының 11-ден 16-ға дейін артқанымен байланысты. Осылайша, 2023 жылы топ-менеджер айына 31,9 миллион теңге немесе күніне 1,05 миллион теңге алған. Былтыр осы сома айына 23,9 миллион теңге деп есептелсе, күніне 786,3 мың теңгеге жеткен.
Былтыр инфляция жағдайы (8,6%) ескеріліп, топ-менеджерлердің сатып алу қабілеті бойынша сыйақысы үштен бірге төмендеген. Kase.kz мәліметтеріне сенсек, банк 2024 жылы таза жылдық пайдасын 42,4% арттырып, 160,3 миллиард теңгеге жеткен.

Фото: Kase.kz
Өткен жылы 31 желтоқсанда банк директорлар кеңесі мен басқарма мүшелеріне төленетін сыйақы көлемі 3,4 миллиард теңге болған. 2023 жылмен салыстырғанда сыйақы мөлшерін 3,8 миллиард теңгедей алған. Дегенмен банктің қай мүшесінің қанша алғаны туралы мәлімет берілмеген.
2025 жылғы сәуірде өткен жалпы акционерлер жиналысында ForteBank 2024 жыл үшін акция иелеріне 102 миллиард теңге көлемінде дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл банктің таза пайдасының 63,6%-ына тең.
Биылғы 1 сәуірде банк акцияларының 90,91%-ы Болат Өтемұратовтың иелігінде, ал қалған 9,09%-ы миноритарлық акционерлерге тиесілі екені айтылды.
Сарапшылар тұтыну себетін ең төменгі жалақы деңгейінде белгілеуді ұсынды
Еске салайық, бұған дейін бір жылда қазақстандық сегіз банктің кірісі төмендегенін жазған едік. Ұлттық банк 1 сәуірдегі жағдай бойынша банктер статистикасын жариялады. Өткен жылмен салыстырғанда табысы азайған басқа да банктер: Ситибанк Казахстан (табысы 26 миллиард теңгеден 20,4 миллиард теңгеге азайған), Altyn Bank (11,6 миллиард теңгеден 9,8 миллиард теңгеге төмендеген), Шинхан Банк Казахстан (7,7 миллиард теңгеден 7,3 миллиард теңгеге азайған), Нұрбанк (2,7 миллиард теңгеден 1,3 миллиард теңгеге дейін төмендеген) және Қазақстан-Зираат халықаралық банкі (табысы 3,8 миллиард теңгеден 3,7 миллиард теңгеге дейін азайған).